Астанада ӘМАТ бағасы 0,9% -ға төмендеді

Жыл басынан бері Астанада ӘМАТ бағасы 0,9 %-ға төмендеп, баға индексі 99,1% құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған бірінші сортты бидай ұны, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, қырыққабат, қант және тұз сияқты өнімдердің бағасының төмендеуі себеп болды.

Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ӘМАТ бағасының өсу қарқынын тежеу үшін жұмыс жүргізуде.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі ӘМАТ-қа баға белгілеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері енгізілген, сатушының маржасы өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушіден сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керек.

Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сауда қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 305 кәсіпкерге әкімшілік шара қолданды, оның 40-ы 3 миллион 205 мың теңге көлеміндегі айыппұл. Айыппұлға іліккен ірі сауда нысандарының ішінде елордадағы «Вкусмарт», «Galmart», «Астықжан» және «Десткий мир» сауда желілерінің дүкендері бар. Жергілікті атқарушы орган мен Департамент сауда субъектілері арасында ӘМАТ баға саясатына қатысты заң талаптары бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық статистика бюросы
Өзгелердің жаңалығы