15 Қараша 2024 2024, 20:25 Фото: - Архив

Астанада алты бағдарға қосымша автобустар жіберіледі

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 және 18 қарашада 6 бағдарға жұмыс күндері және демалыс күндері қосымша кестелер қосылады. Бұл автобустар санын арттырып, күту уақытын 2 минутқа қысқартуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

16 қарашадан бастап демалыс күндері №28 бағдарға +1 автобус қосылады – желіде 12 автобус жүреді (бұрын 11).

18 қарашадан бастап жұмыс күндері желіге 11 қосымша автобус шығады, бұл келесі өзгерістерге әкеледі:

- №4 бағдар – 16 автобус (бұрын 14);

- №40 бағдар – 22 автобус (бұрын 20);

- №41 бағдар – 14 автобус (бұрын 11);

- №57 бағдар – 12 автобус (бұрын 10);

- №63 бағдар – 12 автобус (бұрын 10).

Айта кетейік, барлығы 6 бағдар бойынша 12 автобус жолға шығады. Қалада көліктік қызмет көрсетуді жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.