Астанада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

23-24 қыркүйекте Астанада Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға 200 тонна өнім ұсынылады. Оның ішінде 52 түрлі азық-түлік, жеміс-жидек, көкөніс бар. Мысалы, ет және сүт, шұжық, балық өнімдері, ұн, жарма, май, әрине, жемістер, көкөністер, бал, ұлттық сусындар және т.б. 

Ал өнімдердің бағасы нарықтағыдан қарағанда 10-15% арзан болады.

Астанадағы тұрақты жәрмеңкелер тек тауар сатылатын орын емес, сонымен қатар жергілікті өнімнің сапасы мен алуан түрлілігін бағалаудың бір көрсеткіші.

Биыл Алматы облысынан елордаға өнім тасымалдайтын көліктердің саны 25-30-дың аралығында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы