Астанада алма, мамыргүл және қызғалдақ гүлдеді

Мәселен, Ататүрік саябағында (Байқоңыр ауданы) Алма аллеясы бар. Қазір бұл саябақта 100-ге жуық алма, 50-ден астам мамыргүл гүлдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі қызғалдақтар да саябақты сұлулығымен безендіріп тұр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары саябақта бос уақытын өткізіп, алма, мамыргүл және қызғалдақ ағаштарының жанында суретке түскенді ұнатады. Саябаққа келушілердің бірі Гүлдария Сәрсенова мынадай пікірін білдірді.

Елордада мұндай алма ағаштары бар деп мүлде ойламаппын. Соңғы рет мұндай сұлулықты Түркияда көрдім. Бүгін саябаққа тек серуендеу үшін келдік. Ал мұндағы сұлулықты көргеннен кейін серуеніміз фотосессиямен жалғасты. Бұл жер сондай әдемі, - деді ол.

Елорданың өзге де тұрғындары мен қонақтарының айтуынша, бұл саябақ елордадағы ең тыныш, демалу үшін таптырмас орын әрі ерекше көріністері бар.

Айта кету керек, «Ататүрік» саябағы 20 жыл бұрын 2004 жылы салынған. Саябақ елорда тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті орындарының біріне айналды. Мұнда елорданың мәдени-бұқаралық іс-шаралары өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: елорда әкімдігінің сайты
Өзгелердің жаңалығы