Астанада алғашқы қар түсті

Астанада алғашқы қар жауды. Қала тұрғындары осы маусымда жауған алғашқы қардың әдемі кадрларын әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 қазан күні таңғы сағат 8-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бұрын жабылған учаскелерінде, соның ішінде Астана – Петропавл тасжолы көліктің барлық түрі үшін қозғалысты ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кеше синоптиктер 12 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Алматыда түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы