Астанада алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан халықаралық мұз шоуы өтеді

30 қараша күні елордада алғаш рет ауқымды халықаралық мұз шоуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Оған екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, Ресей чемпионы, бір дегенде төрт рет секірген алғашқы әйел Александра Трусова, Ресей чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Алиев, Еуропа чемпионы, Гран-при финалының жеңімпазы Алена Косторная, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін чемпионы Хавьер Фернандес, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гергий Куница, жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионы Александр Плющенко және басқалар қатысады.

Іс-шара бағдарламасында – «Щелкунчик», «Золушка және әдемі ханзада», «Қызыл телпек», сондай-ақ «Аққу көлі» және «Кішкентай су перісі» классикалық балеттерінің үзінділері сияқты сүйікті ертегілерге негізделген қызықты нөмірлер бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы