Астанада алғаш рет боччадан Әлем кубогі өтіп жатыр
Турнирде Қазақстан құрамасының 10 спортшысы бақ сынауда.
Елордада 1-9 маусым аралығында алғаш рет боччадан Astana 2026 World Boccia Cup халықаралық турнирі ұйымдастырылуда. Әлем кубогінің рейтингтік кезеңіне әлемнің 24 елінен 90-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Жарыстың ашылу салтанатына Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев, Халықаралық бочча федерациясының президенті Джонатан Морган және Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.
Турнирде Қазақстан құрамасының 10 спортшысы бақ сынауда. Олардың қатарында қозғалыс мүмкіндігі шектеулі BC3 санатындағы спортшылар да бар. Жарыстар жеке, жұптық және командалық форматта өтеді.
Халықаралық дода қарсаңында ұлттық құраманы дайындау үшін Португалиядан бапкер Роберто Матеуш шақырылды. Ол спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіруге атсалысуда.
Турнир аясында Мәулен Әшімбаев пен Джонатан Морган екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстанда боччаны дамыту, паралимпиадалық спортты қолдау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Джонатан Морган Қазақстанның инклюзивті спортты дамыту бағытындағы жұмысына жоғары баға берді.
- 3 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды 20:48
- Қазақстан-Корея серіктестігі жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады – сарапшылар пікірі 20:46
- FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады 20:30
- «Тыңдап тұрсың ба, мен тергеушімін»: Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған қыз анықталды 20:11
- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар паромын Каспий теңізіне қайта қосу жоспарлануда 19:59
- Өзбекстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру ұсынылды 19:41
- Астанада автобуста жүргізуші мен жолаушылар арасында жанжал шықты 19:18