Астанада алғаш рет Абай шығармашылығына арналған моноопера сахналанды
"Астана Опера" театрында ұлы ақын, ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған "Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай" монооперасның премьерасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шығарманың авторы және орындаушысы – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов дарынды пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлияр Өтетілеумен бірге өнер көрсетті.
Жиналған қауым Абайдың "Көзімнің қарасы", "Сегіз аяқ", "Бойы бұлғаң" және басқа да танымал әндерін тыңдай алды. Ал, "Астана Опера" хор студиясының жас әртістері Шахимардан Әбіловпен бірге "Желсіз түнде жарық ай" және "Айттым сәлем Қаламқас" әндерін орындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы