Астанада әлеуметтік жағдай тұрақты - Жеңіс Қасымбек

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысына Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы және негізгі инфрақұрылымдық жобалар бойынша есеп бердім. Жалпы, қалада әлеуметтік  жағдай тұрақты. Негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Оның ішінде үш жылу беретін жаңа станция жұмысы келесі жылы толықтай аяқталуы тиіс, - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек. 

Бұған дейін Астананың жаңа әкімі ең алдымен қандай мәселені шешетінін жазған едік.

Қалада өте маңызды мәселелер бар. Нақты біреуін айта алмаймын, бірақ көп. Мәселен, Астанада 47 мың адам кезекте тұр. Оның жартысы көпбалалы отбасылар. Сол азаматтардың мәселесін шешу керек. Қалада коммуналдық желілердің тозығы жеткен. Міне, осы мәселелерден бастаймыз, – деді елорда әкімі. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы