Бүгiн 2026, 13:29 Фото: pixabay.com

Астанада Әл-Фараби даңғылында автобус өртенді

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Астанада Әл-Фараби даңғылы маңында автобус өртенді.

Оқиға орнына жедел қызметтер жетіп, өрт толық сөндірілді.

ТЖД мәліметінше, өрт автобустың артқы бөлігіндегі қозғалтқыш бөлімінен шыққан. Құтқарушылар келгенге дейін барлық жолаушы автобустан өздігінен шығып үлгерген.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.