Астанада алғашқы балалар және жасөспірімдер олимпиялық фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қараша күні "Алау" мұз айдыны кешенінде алғашқы қысқы балалар және жасөспірімдер олимпиялық фестивалінің салтанатты ашылуы болады.
Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, жарысқа еліміздің барлық өңірінен 700-ден аса бала қатысады.
Фестиваль ұйымдастырушысы – қазақстандық танымал спортшы, биатлон спорт түрі бойынша Ванкувер олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева.
Республикалық спорт күнтізбесіне енген фестиваль 21 қарашадан 27 желтоқсанға дейінгі аралықта өтеді. Жарыста конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, биатлон және фристайл спорт түрлері бойынша 12 жастан жоғары жастағы балалар сынға түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның екі өңірінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды
Өзгелердің жаңалығы