20 Тамыз 2026, 22:20
Фото: depositphotos.com
Астанада әкімдік грантын иеленгендер тізімі бекітілді
Грант иегерлерін анықтау кезінде еңбек нарығының қажеттіліктері ескерілген.
Астанада 2026-2030 жылдарға арналған елорда әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранттарын иеленушілердің тізімі бекітілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Тиісті шешім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын тағайындау қағидаларына сәйкес қабылданды.
Грант иегерлерін анықтау кезінде еңбек нарығының қажеттіліктері ескерілген. Шешім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 20 тамыздағы отырысының хаттамасы негізінде қабылданды.
Әкімдік грантын иеленгендердің толық тізімі елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.