Астанада адам ұрлаған алты ер адам сотталды
Елордада ақша дауы күтпеген жерден ауыр қылмысқа ұласты. Алты адамның ісі бойынша сот шешімі шықты.
Астанада бір топ ер адам ақша дауына байланысты адам ұрлағаны үшін сотталды. Елорда прокуратурасының мәліметінше, қылмыс 2024 жылдың желтоқсан айында болған.
Сот анықтағандай, топ мүшелерінің бірі жәбірленушіден орындалмаған қызмет үшін ақша талап еткен. Жанжал барысында ол күш қолданып, жәбірленушіні 80 мың теңгені өз шотына аударуға мәжбүрлеген.
Кейін қаскөйлер алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні Астана қаласының аумағында күштеп алып кеткен. Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыс күш қолдану арқылы және пайдакүнемдік мақсатта жасалған.
Қылмыстық іс Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралды. Мемлекеттік айыптауды «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы қолдады.
Сот талқылауы барысында сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.
Сот үкімімен бес айыпталушы адам ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы бір айыпталушы адам ұрлауға жәрдемдескені және өз бетінше билік жүргізгені үшін 7 жыл 6 ай мерзімге сотталды.
Қадағалау органы Қазақстанда адам ұрлағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін, ал өз бетінше билік жүргізгені үшін 7 жылға дейін жаза қарастырылғанын еске салды.
- ОСК Құрылтай сайлауында қалай дауыс беру керек екенін түсіндірді 15:42
- «Бір күнде бақылаушы бола аласыз». Алматыдағы барлық сайлау учаскесін бақылаушылар қамтымақ 15:32
- Отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы орны нығайып келеді: Түркияға экспорт екі есе өсті 15:27
- Ұлдана Мырзуан ісі: Адвокат іске қатысты пікір білдірді 15:25
- ОСК сайлау учаскелеріндегі кемшіліктерді жоюға 23 тамызға дейін уақыт берді 15:21
- Бүгін Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталады 14:55
- Алматыда 8 жаңа мектеп ашылып, білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі 14:47