Астанада "Адал сайлау үшін" штабының кезекті отырысы өтті
Астанада "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің брифингі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Штабтың мүшесі Жанар Бұқанова сайлау заңнамасына сәйкес сайлаушылар тізімін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша әкімдіктер жасайтынын және сайлау комиссияларына жіберілетінін айтты.
Әкімдіктер барлық деректерді жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы негізінде қалыптастыратынын атап өткен жөн.
Спикер Думан Жампейісов сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар азаматтар енгізілетінін атап өтті.
4 наурыздан бастап сайлау заңнамасына сәйкес, әрбір сайлаушы өзінің сайлау учаскесіне барып, тізімде бар-жоғын және өз әлеуетін тексеруге мүмкіндік алады. Оған әртүрлі мүмкіндіктер берілген. Мәселен, сайлаушылар веб-сайттар мен “телеграм” бот арқылы тізімдегі мәліметтерді тексере алады. Мұның бәрі азаматтардың дауыс беруге деген конституциялық құқығын жүзеге асыру үшін жасалып отыр, – деді Думан Жанпейісов.
Дауыс беруден 15 күн бұрын азаматтарға тізімдермен танысуға және өз деректерінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі.