Астанада «Адал кәсіпкер» байқауының жеңімпаздары анықталды
Үміткерлерді бағалау үшін ведомствоаралық комиссия құрылып, ұсынылған құжаттар бекітілген өлшемшарттар бойынша қаралды.
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған «Адал кәсіпкер» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауды елорданың Кәсіпкерлер палатасы мен қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бірлесіп өткізді.
Бастаманың мақсаты – адал кәсіпкерлікті қолдау, заңдылық пен іскерлік әдепті дәріптеу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Үміткерлерді бағалау үшін ведомствоаралық комиссия құрылып, ұсынылған құжаттар бекітілген өлшемшарттар бойынша қаралды. Нәтижесінде бес номинация бойынша үздіктер анықталды.
Байқау жеңімпаздары:
- «Үздік өндірістік бизнес» – «СтальЦинк» ЖШС;
- «Әлеуметтік жауапты бизнес» – «Technology and Innovation Hub» ЖК;
- «Үлгілі салық төлеуші» – «AG TECH» ЖШС;
- «Жауапты жұмыс беруші» – «Центральный дом бухгалтера №1» ЖШС;
- «Қауіпсіз бизнес» – «АРОМАТ» ЖШС.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтарды Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин табыстады.
Байқау заң талаптарын сақтайтын, салық міндеттемелерін адал орындайтын, қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіпорындардың тәжірибесін насихаттауға бағытталған.