Астанада 9 қазанда қала бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елордада Astana Marathon 2022 халықаралық марафонының өтуіне байланысты 9 қазанда қала бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты, №10, 12, 15, 15А, 18, 26, 35, 37, 40, 43, 46, 47, 51, 53, 54, 60, 70, 302, 303, 308, 309, 320, 323 қалалық және қала маңындағы бағдарлардың қозғалыс сызбасында өзгерістер болады.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сонымен қатар, жолдардың жабылуына және қозғалыс сызбасы өзгеруіне байланысты қалалық және қала маңындағы бағдарлардың келуінің кешігуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Құрметті жолаушылар, сіздерден түсіністікпен қарауыңызды және маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз!, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы