Астанада 8-сынып оқушысын зорлаған төрт оқушы ұсталды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанада 8-сынып оқушысын зорлағандар ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер Мәжілістің кулуарында министрден топ болып 8-сынып оқушысын зорлағандар жайлы сұрады.

ІІМ басшысы мұндай факті бар екенін растап, қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Өкінішке қарай, мұндай факті болды. Біз ұсталғандардың, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың кім екенін бірден анықтадық. Қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Төрт кәмелетке толмаған бала ұсталды, - деді Сәденов кулуарда.

Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл дерек 17 қаңтарда тіркелгенін айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы