Қайғылы оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға кезінде баланың анасы үйде болған. Бала қонақ бөлмедегі ашық тұрған терезеден абайсызда құлап кеткен.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Осы қайғылы жағдайдан кейін полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, терезе маңына олардың шығып кетуіне мүмкіндік беретін жиһаз қоймауға және терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуға кеңес береді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары масадан қорғайтын торлардың қауіпсіздік құралы емес екенін ескертті. Мұндай торлар баланың салмағын көтеруге арналмағандықтан, оған сүйенген жағдайда босап кетуі немесе сынып қалуы мүмкін.