Астанада 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салуды, құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды, бірқатар тұрғын үй кешеніне жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы үш жылда апатты жағдайдағы ескі үйлердің тұрғындары үшін 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін пәтер салынады, - деп жазды қала басшысы.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдау барысында білім беру, медицина, жұмысқа орналастыру, елді мекендер мен қаланы абаттандыру, автобус санын көбейту және т.б. мәселелер көтерілетінін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы