Астанада 6 млрд теңгелік вейп саудасы тоқтатылды
Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымын жүргізген ірі көтерме желінің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымын жүргізген ірі көтерме желінің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған өнімдер Қазақстанның барлық өңірлеріне Telegram мессенджері және курьерлік жеткізу арқылы таратылған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 5 қойма анықталды. Тінту барысында 490 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін кіріс 6 млрд теңгеден асуы мүмкін еді, - делінген ҚМА хабарламасында.
Бұдан бөлек, күдіктілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру схемасын ұйымдастырған. Олар ірі сомаларды қолма-қол ақшаға айналдыру және қылмыстық жолмен келген ақшаның ізін жасыру мақсатында банктік карталар өз атына ресімделген адамдарды, яғни дроперлерді пайдаланған.
Қылмыстық табыстың бір бөлігі шетелден кофе жеткізуге арналған мәмілелерге жұмсалған, жалпы сомасы 92 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен тыйым салынған өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлікке тыйым салынды, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Заңсыз бизнестің ұйымдастырушыларына іздеу жарияланып, олар қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздестірілуде.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
- Қазақстан Firebird AI компаниясының негізгі нарығына айналды: Екібастұзда 125 МВт-тық AI-инфрақұрылым салынып жатыр 01:49
- Мемлекеттік органдар атынан жалған ақпарат тарауда: қазақстандықтарға ескерту жасалды 00:54
- Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» чемпионы атанды 08.08.2026
- Қазақстандық оқушы жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадада екінші орын алды 08.08.2026
- Алматы облысының тауларында сел қаупін бақылау күшейтілді 08.08.2026
- Алматыда тікелей эфирде балағат сөз айтқан екі блогер қамауға алынды 08.08.2026
- Қазақстан мен Грекия КҚК арқылы мұнай жеткізу қауіпсіздігін талқылады 08.08.2026