Астанада 520 «Сергек» камерасы жұмыс істеп тұр
Астана, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2018 жылы Есіл ауданында 616 сыртқы бақылау камерасы және «Сергек» бейне-бақылау жүйесінің 100 камерасы орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі таңда 900 сыртқы бақылау және 520 «Сергек» камерасы жұмыс істеп тұр.
«Қазақтелеком» АҚ күшімен Есіл ауданында «кіреберістерге арналған бұлтты бейнебақылау» жобасымен 82 тұрғын үй қамтылды, 750 IP-камера орнатылды, 15996 адам өз үйлерін онлайн режимінде қарайды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады. Қазір біз Есіл ауданы аумағында Ақкөл қаласының аналогы бойынша «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», – деді аудан әкімі Төлеген Закарьянов халықпен кездесуде.
Ол құрылыс пен коммуналдық секторда заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл бағытта «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп, «Е-ПИК» жобасы жүзеге асырылды. Тұрғын үй қоры осы жүйемен 100% қамтылған. Шарттар жасалып, қызмет көрсететін барлық ұйымдар бірыңғай жүйеге қосылған.
«Жоба тұрғындар үшін жұмыс істеп, қызмет көрсететін ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді», – деп түйіндеді спикер.