8 Қараша 2026, 06:35 Фото: Сыртқы істер министрлігі

Астанада 500-ден астам қандас студенттің басын қосқан форум өтті

Форум жастар арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған алаңға айналды.

7 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Отандастар қоры» ұйымдастыруымен «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» атты форум өтті.

Іс-шараға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және басқа да елдерден Қазақстанға білім алуға келген 500-ден астам қандас студент қатысты.

Форумда мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер және білім беру саласының мамандары сөз сөйлеп, жастармен тәжірибе бөлісті. Спикерлер кәсіби даму, кәсіпкерлік, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғам өміріне белсенді араласу мәселелерін қозғады.

Кездесу барысында Қазақстанға қоныс аударған қандастар елге бейімделу және кәсіби қалыптасу тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара аясында қандас студенттердің инновациялық, әлеуметтік және шығармашылық жобаларын қолдауға бағытталған «OQ-startup» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Форум жастар арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған алаңға айналды.