Астанада 5 жастағы бала жоғалып кетті
Астанада полицейлер жоғалған 5 жастағы баланы іздеп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияға Сарыарқа ауданында 5 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Әкесі баласымен аулада серуендеп жүріп, бір сәтке назарын басқа жаққа бұрған кезде ұлын жоғалтып алған. Өз бетімен іздеп таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген.
Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарын бастады. Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты.
Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды.
Полиция ата-аналарды балаларымен серуендеген кезде барынша сақ болуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы