1 Қараша 2026, 18:12 Фото: gov.kz

Астанада 5–7 қараша күндері көлік қозғалысы шектеледі

Қалада көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.

Астана тұрғындары мен қала қонақтарына көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні, сондай-ақ әскери авиацияның жаттығу ұшулары болатыны ескертілді.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.

2026 жылғы 5–7 қарашада Астана қаласында бірқатар халықаралық саяси іс-шараны дайындау және өткізу жұмыстарына байланысты елорданың жекелеген көшелерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Іс-шараларды өткізу барысында арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және ҚР Қарулы күштерінің ресурстары пайдаланылады, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.

Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары жүргізіледі.

Елордалықтар мен қала қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп жазылған ведомство хабарламасында.