Астанада 400 орынға арналған тағы бір жатақхана ашылды
Астанада тағы 6 студенттік жатақхана салынып жатыр. Олар 4,5 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Халықаралық Жастар күнінде Астана қаласы әкімдігінің фронт-офисінің қолдауымен М.Жұмабаев, 10а мекенжайы бойынша жаңа жатақхана ашылды. Бұл жатақхана 400 орынға есептелген. Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, «Bastau Damu kz» ЖШС директоры Арман Халелов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Ибраимов қатысты.
Айта кетейік, Астанаға оқуға келетін студенттер саны жыл сайын артып барады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының балансында 16 мың орынға арналған 40-тан астам студенттік жатақхана бар. Ал жалпы қажеттілік – 6 мың 400 төсек-орын.
Биыл 4,5 мың орынға арналған 6 жатақхана салынса, 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Мәселен, былтыр 1800-ден астам төсек-орын ашылды.
Әкімдік тарапынан жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдері бөлінді.
Ал былтыр 1800-ден астам төсек-орын ашылды.
Жатақханалар құрылысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселессін шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылып жатыр.