Астанада 4 мектеп ашылды

Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада жаңа оқу жылында жалпы саны 16 мың 600 оқушыға арналған 11 мектеп ашамыз. Олардың 4-еуі есігін айқара ашты. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге бірқатар мемлекеттік және жеке мектептерді араладық, - деді әкім.

Қаладағы №55 орта мектепте күрделі жөндеу мен абаттандыру жұмысы жүргізілді.

Мәселен қолданыстағы №59 мектеп-лицейінің аумағында 1200 оқушыға арналған ғимарат (2 ауысымды) салынды. Оқу орны Есіл ауданында (Сауран көшесі, 5/1) орналасқан. 5 жылдан бері бұл мектепте оқыту жүйесі үш ауысымды болып келді. Жаңа корпусты салу есебінен үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді.

Сол сияқты №55 орта мектепке бардық. Мұнда күрделі жөндеу және абаттандыру жұмысы жүргізілді. Қала бойынша барлығы 50-ге жуық білім беру нысанында (мектептер, балабақшалар, колледждер) күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді, - деді Жеңіс Қасымбек.

Мектептердің құрылысына жеке инвестициялар да тартылып жатыр.



Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары тағы 24 мектеп салынады. Жаңа форматтағы мектептер 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді.

Мектептердің құрылысына жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Сонымен, жаңа оқу жылының басында бірқатар білім ошақтары, оның ішінде «Spectrum», «Riviera International School by Quantum» халықаралық мектептері есігін айқара ашты, - деп сөзін түйіндеді шаһар басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы