20 Сәуір 2024 2024, 22:44 Фото: архив

Астанада 4 автобус бағыты өзгерді

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты No26, 27, 40, 42 бағдарлардың қозғалыс сызбалары өзгертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты No26, 27, 40, 42 бағдарлардың қозғалыс сызбалары өзгертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 19 сәуір мен 24 сәуір аралығында Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылды, бұл кезде көліктердің қозғалысы бір бағытта – қаладан әуежайға қарай жүргізілуде.