Астанада 32 мектепке лицензиясы жоқ медициналық ұйымдар бекітілген

Астанадағы 32 мектепке медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болмаған ұйымдар бекітілген. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қадағалау органының хабарлауынша, бұл бұзушылықтар әкімдік тарапынан мектеп медицинасын ұйымдастыру барысында орын алған. Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық сала қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы құрылып, заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Прокуратура мектептерде медициналық қызметтің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс екенін ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы