Астанада 300-ге жуық әйел кеудесіне пластикалық ота жасатты
Былтыр Астанада 300-ге жуық әйел кеудесіне пластикалық ота жасатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары Әділбек Мұқажанов мәлімдеді.
Алайда бір ескеретін жайт, бұл тек елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында жасалған ота саны.
Обыр туралы айтқанда, ешқашан онкологиялық қатерді естен шығармаған жөн. Аурудың сатысына қарай әртүрлі емдеу тәсілі белгіленеді. Мәселен, былтыр біздің орталықта 460 маммология секторы бойынша 460 ота жасалды. Оның 265-і бір уақытта пластикамен бірге, 93-і – онкопластикалық резекциямен жасалған оталар, - деп атап өтті Әділбек Қайырбекұлы елордада өтіп жатқан «BREAST CANCER MEETING ASTANA» атты конференциядан соң берген сұхбатында.
Сонымен қатар дәрігер әр клиникалық жағдайда ауруды емдеудің оңтайлы тәсілін таңдау маңызды деп отыр. Сол үшін үнемі осы тақырып қозғалатындығын алға тартты.
Осындай конференция, симпозиумдар – соңғы ашылған ғылыми жаңалықтар туралы біліп, саладағы білім деңгейін жетілдіруге таптырмас алаң. Біз үнемі дәрігерлердің білімін қадағалап отырамыз. Орталықтың дәрігерлері біліктіліктерін үнемі шетел мемлекеттерінде: Ресейде, Израильде, Оңтүстік Кореяда, Еуропа елдерінде біліктіліктерін арттырады. Сондай-ақ Ұлттық ғылыми орталық ретінде өңірлердегі әріптестерімізді де назардан тыс қалдырмаймыз, - деді басқарма төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық дәрігер қырық жастан әйелдерге денсаулығына байланысты нені ескеруі керектігін айтқан болатын.