19 Маусым 2024 2024, 07:17 Фото: архив

Астанада 30-ға жуық автобустың жүретін жолы өзгерді

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 3, 4, 4А, 15, 15А, 19, 30, 40, 47, 51, 56, 61, 202, 121, 10, 37, 49, 50, 51, 53, 55А, 55, 55Б, 66, 201, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Кеше кешкісін Астана әкімдігі сондай-ақ № 2, 7, 12, 13, 26, 36, 46, 50, 53, 54, 64 маршруттар да басқа жолмен жүретінін ескерткен болатын.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.