Астанада 3 құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті
Астанада үш құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді полиция.
Зардап шеккен үш құрылысшы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Құлаған құрылысшылардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметі бойынша, жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқас жалпы бөлімде ем алып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вьетнамда су тасқынынан қаза тапқандар саны 50-ден асты
Өзгелердің жаңалығы