Астанада 3 облыстың тауар өндірушілері жәрмеңке өткізіп жатыр
Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері биылғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аяқтау үшін елордаға 800 тоннаға жуық жаңа өнім әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке бүгін жалғасады.
Жәрмеңкеге келушілер азық-түлік өндірушілерден ет, сүт, көкөніс, жарма, ұн және кондитерлік өнімдер сатып ала алады.
Жәрмеңке – қала тұрғындары үшін жаңа және сапалы өнімді тікелей сатып алуға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға тамаша мүмкіндік. Біз маусымды осындай ауқымды іс-шарамен аяқтағанымызға қуаныштымыз, – деп атап өтті Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Дархан Отызбаев.
Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары жәрмеңкеге қуана барады.
Маған жәрмеңкеде жаңа өнімдерді қол жетімді бағамен сатып алу өте ұнайды. Ассортимент үлкен және әсіресе бәрі шынымен сапалы және табиғи екені қуантады. Мұнда музыка ойнап, әртістер мен сатушылар өнер көрсетіп, жұртқа көңіл күй сыйлап жүр, – деп жәрмеңкеге келушілердің бірі Олжас Нұрғожаев өз әсерімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, келушілер қатысушы облыстардың әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады.