Астанада 3 базар жаңғыртылады

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін сақтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны реттеу бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Елордада сәуір айынан бастап сауда үстемесін бұзудың 23 фактісі анықталған.

Биылғы жылдың басынан бері Департаментке тұтынушылар 2579 өтінішпен жүгінді. еOtinish платформасы және электрондық үкімет порталы арқылы 1196 өтініш түсті. Сондай-ақ 900-іне түсініктеме берілсе, оның ішінде 109 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілді. Ал 120 өтініш келесі айға ауыстырылды. Одан бөлек, 150 жағдайда тұтынушылардың мәселесі реттелді. Тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару сомасы 26,8 млн теңгені құрады, - дейді Нұрғали Егембердиев.

Сонымен қатар елордада 2025 жылға дейін нарықтарды жаңғырту жөніндегі жол картасын орындау бойынша 29,4 млрд құрайтын 3 базар (Шанхай базары, Алтай базары, Ұлжан базары) жаңғыртылады.

Астанада 9 мамандандырылған базар бар. Оның ішінде Алаш нарығы қазіргі заманғы сауда форматының объектісі. Соның ішінде Он-Олжа, ТПК Нұр, Мереке-Магнит, Эталон, Шарын, Сапа, Көкталдағы базар болашақта қазіргі заманғы сауда форматына көшуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Шарын» мамандандырылған нарығы 2024 жылы аяқталу мерзімімен 2 кезеңде жаңғыртуды жоспарлап отыр. Қазір жалпы ауданы 2500 ш.м болатын қойма, үй-жайларының құрылысы басталды, - дейді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы