14 Тамыз 2024 2024, 15:40
Фото: видеодан скриншот
Астанада 3 бала лифтіде қамалып қалған
Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астананың көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 бала лифт ішінде қалып қойды.
Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, балаларға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген хабарламада.