Астанада -27°С аяз, Алматыда +9°С жылы: үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 12, 13 және 14 қаңтарға еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы ауа райы болжамы

12 қаңтар:

Аспан бұлтты, қар жауады, боран, көктайғақ. Батыстан соққан жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -3…-5°С, күндіз одан әрі төмендейді.

13 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, түнде аздаған қар, жаяу боран, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°С, күндіз -11…-13°С.

14 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°С, күндіз -20…-22°С.

Алматыдағы ауа райы болжамы

12 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +7…+9°С.

13 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +5…+7°С.

14 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +3…+5°С.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

12 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +7…+9°С.

13 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде -1…+1°С, күндіз +10…+12°С.

14 қаңтар:

Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +11…+13°С.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы