Астанада 260 мың адам вирустық инфекцияға шалдықты

Астаналықтар биылғы маусымда ЖРВИ-мен өткен жылға қарағанда жиірек ауырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева мәлімдеді.

2024-2025 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда (яғни 2024 жылғы қазан мен 2025 жыл қыркүйек айлары аралығында) елордада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 260 673 жағдайы тіркелді. Бұл өткен маусымға қарағанда 14%-ға көп. Науқастардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар, бұл өткен маусымның көрсеткішінен 8% жоғары, - деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері.

Сондай-ақ ведомство өкілі қыркүйек айында небәрі бір аптаның ішінде 5 мыңға жуық астаналық вирус жұқтырғанына тоқталды.

Қыркүйек айы басталғанда бар-жоғы бір апта ішінде ЖРВИ-дің 4638 жағдайы тіркелді. Науқастардың 50,1%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Өткен маусымның ұқсас аптасымен салыстырғанда 39%-ға төмендеу байқалады, - деді Айгүл Шағалтаева.

Айта кетерлік, бүгінгі таңда елордада ЖРВИ, тұмау және COVID-19 ауруларын бақылау үшін эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау жүйесі жұмыс істеп тұр.

Дәрігерлер ауру өршіген кезде қоғамдық орындарда маска тағып, қолды жиі жуып, адамдар көп жиналатын жерге көп бармауды ескертеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы