Астанада 255 мың бала мектепке барады

Астанада жаңа оқу жылында 255 мыңға жуық бала мектепке барады. Оның ішінде 1-сыныпқа қабылданатындар саны 27 мыңға жуықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметіне өткен брифинг барысында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді.

Елорда мектептеріндегі орын тапшылығы 26 454 орынды құрайды. Мәселені шешу үшін 15 717 орынға негізделген 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы 2 жылда жайлы мектеп жобасы аясында 88 800 орынға шақталып салынып жатқан 24 мектеп пайдалануға беріледі, - деді Қасымхан Сенғазыев.

Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңдай оқушыға арналған (2 ауысымда) 24 ірі мектепті жобалау басталған.

Назерке Өтеген

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы