Астанада 2,4 мыңнан аса жұмысшы қар тазалады

Өткен түнде коммуналдық қызмет елордадан 38 мың текше метрге жуық қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Астана әкімдігінің ресми сайты мәліметінше, жұмыс күндіз де, түнде де бірнеше ауысымда үздіксіз жалғасады. 

Таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,4 мыңнан астам жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. 

12 ақпаннан 13 ақпанға қараған түні көшелерден 38 мың текше метр қар немесе 2,7 мыңнан астам ауыр жүк жиналып, шығарылды. 

Айта кетейік, қыс басынан бері қала сыртындағы қар полигондарына 325,7 мың рейс 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы