Астанада 23 тұрғын үй кешені электр жарығынан ажыратылды

Оған «Заречная» 110/10 кВ қосалқы станциясынан шыққан өрт себеп болды. Қазір техникалық ақаудың неден болғаны анықталып жатыр,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Астанада өрт салдарынан 23 тұрғын үй кешені электрмен жабдықтаудан ажыратылды, - деп хабарлады "Астана-АЭК"АҚ.

26 наурызда сағат 08.20-да "Заречная" 110/10 кВ қосалқы станциясында 10 кВ секциялық ажыратқыш ұяшығының өртенуі орын алды. Сағат 09.40-та өрт оқшауланды. Технологиялық бұзушылықтың себептері анықталуда, - делінген хабарламада.

Жарықтан ажыратылған үйлер Байтұрсынов, Момышұлы, Керей Жәнібек Хандар, Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік Ел көшелеріндегі, сондай-ақ Тельман кентінің бірнеше көшелерінде орналасқан.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жанып кеткен қосалқы станциядағы жабдықты толық тексергеннен кейін қалпына келтіруге уәде етіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ugra.ru
Өзгелердің жаңалығы