Астанада 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1 мыңға жуық техника қар күрейді

Астанада коммуналдық қызметтер қыс мезгілінің басталуымен және қардың мол жаууына байланысты тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

6 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің қарын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Астанада 6 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с.

Қалада жабдықталған бірнеше қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін санау жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы