30 Тамыз 2026, 11:15 Фото: City Transportation Systems

Астанада 19 автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді

Өзгерістерге қаланың әр бөлігіндегі жол жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Осыған байланысты автобустар уақытша айналма бағыттармен жүреді.

Астанада бірқатар танымал қалалық автобус маршруттарының қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) хабарлады.

Өзгерістер 19 автобус маршрутына қатысты: № 1, 4, 4А, 13, 14, 16, 22, 22А, 24, 24Н, 48, 52, 53, 63, 70, 72, 82, 83 және 502.

Өзгерістерге қаланың әр бөлігіндегі жол жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Осыған байланысты автобустар уақытша айналма бағыттармен жүреді.

Тұрғындар мен қала қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгертілген бағыттарды ескеріп, қоғамдық көліктің қозғалысына қатысты жаңартылған ақпаратты бақылау ұсынылады.