29 Қараша 2026, 16:13 Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 18 жастағы жастар алғаш рет дауыс берді

Елорда аудандарындағы сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс берген жас сайлаушыларды ерекше қарсы алып жатыр.

Таңертеңнен бастап елордадағы сайлау учаскелеріне алғаш рет дауыс беруге келген жастар да жиналды. Олардың арасында биыл 18 жасқа толған азаматтар бар. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Мәселен, №142 сайлау учаскесінде елорданың 18 жастағы тұрғыны алғаш рет дауыс берді. Оның айтуынша, сайлауға қатысу – өз азаматтық ұстанымын білдіру мүмкіндігі.

Сондай-ақ №63 сайлау учаскесінде 18 жастағы тағы бір елорда тұрғыны алғаш рет дауыс берді.

Жалпы, елорданың барлық ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру құқығын алғаш рет пайдаланған жастарды қарсы алып жатыр. Олардың көпшілігі үшін бұл сайлау елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысудағы алғашқы тәжірибе болды.

Айта кетейік, бүгін Астанада 446 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Өз сайлау учаскесінің мекенжайын sailau.astana.kz сайты, «Сайлау Астана» Telegram-чат-боты немесе 109 нөмірі арқылы iKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады.