Астанада 18 жасар қызды пышақтап кетті

Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына қастандық жасалды. 18 жастағы қыз ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәмелет жасына толмаған жеткіншек қамауға алынды.

Астана қаласының Полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасы 18 жасар қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан аталған іске қатысты өзге де ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтындығы айтылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев
Өзгелердің жаңалығы