8 Қараша 2026, 01:29 Фото: Скриншот

Астанада 18 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бүгін түнде Астананың Сарайшық ауданындағы Ш. Қалдаяқов көшесінде орналасқан 18 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында өрт болды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, өртті толықтай сөндірді. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде үй-жайды қою түтін басқан.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.