22 Маусым 2024 2024, 10:11
Астанада 18 автобустың бағыты өзгерді
City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың маршрутына өзгеріс енгенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың маршрутына өзгеріс енгенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 302, 303, 308, 309, 320, 323, 10, 26, 37, 40, 49, 51, 60, 53, 84, 47, 201, 202 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.
Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.
Соңғы күндері жол жөндеуге байланысты Астанада автобус маршруттары жиі өзгеретін болған.