Бүгiн 2026, 11:03 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Астанада 176 аула мен ойын алаңы жөнделеді: Қай мекенжайлар қамтылды?

Елордада 176 аула жаңарады: қандай көшелер мен үйлер қамтылды және тұрғындар қалай қатыса алады? Қалалық әкімдік жауап берді.

Астана қаласында биыл аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасып, 4 аудан бойынша 176 аула мен балалар ойын алаңы жөндеуден өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі BAQ.KZ редакцияның ресми сауалына берген жауабында мәлім етті.

Қай аудандарда жұмыс жүріп жатыр?

Қазіргі таңда Есіл және Сарайшық аудандарында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында дауыс беру кезеңі өтіп жатыр. Яғни тұрғындар өз аулаларындағы өзгерістерге тікелей ықпал ете алады.

Нақты қай мекенжайлар жөнделеді?

Әкімдік мәліметінше, жөндеу жұмыстары келесі көшелер мен үйлерді қамтиды:

Рысқұлбеков көшесі: 4/2, 6, 11/2, 11/3, 16, 16а;

Абылай хан даңғылы: 6/4, 12/2, 14, 17, 19, 25/1, 33;

Момышұлы даңғылы: 12, 14, 16, 17/2, 19, 27;

Күйші Дина көшесі: 22, 25/2, 26, 36, 37;

Мұстафин көшесі: 3, 5/1, 9, 15/1;

Манас көшесі: 8, 11/1, 11/3;

Сәтпаев көшесі: 4/1, 23;

Мүсірепов көшесі: 2, 10/2, 14;

Құдайбердіұлы даңғылы: 17, 18, 23, 33, 38;

Отырар көшесі: 7, 9, 10, 11;

Абай даңғылы: 34, 49, 51;

Республика даңғылы: 16, 18, 2/2, 4/3;

Тұран даңғылы: 14/1, 14/4;

Қабанбай батыр даңғылы: 11;

Айтматов көшесі: 41, 41А, 41Б;

Кенесары көшесі: 47;

Пушкин көшесі: 13;

Сығанақ көшесі: 16/1 және басқа да бірқатар мекенжайлар.

Жалпы тізім ондаған нысанды қамтиды, яғни жөндеу жұмыстары қала бойынша кең ауқымда жүргізіледі.

Былтыр қандай жұмыс атқарылды?

Әкімдік мәліметінше, 2025 жылы Астанада 331 аула абаттандырылды.

Балалар ойын алаңдарының бір бөлігі толық реконструкциядан өтті. Сонымен қатар, аула инфрақұрылымы жаңарып, тұрғындарға қауіпсіз демалыс аймақтары жасалды.Қазіргі таңда қалада жалпы 2217 балалар ойын алаңы бар, - деп мәлімдеді әкімдік.

Қауіпсіздік пен бақылау қалай жүргізіледі?

Сондай-ақ аулаларда басты мәселе балалардың қауіпсіздігі. Осы мақсатта әкімдік ойын алаңдары аудан әкімдіктері деңгейінде тұрақты мониторингтен өтетінін айтты.

Ақау анықталса 7 күн ішінде жөнделеді. Қауіпті нысандар уақытша демонтаждалады немесе ескерту ленталарымен қоршалады, - деді әкімдік.

Сонымен қатар аулалардағы жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақыланады.

Әкімдік дерегіне сәйкес, соңғы 2-3 жылда балалар ойын алаңдарында жазатайым оқиғалар тіркелмеген.