12 Наурыз 2026, 00:40
Фото: gov/kz
Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
Республикалық референдум өтетін күні Астанада қоғамдық көлікпен жүру тегін болады.
Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл іс-шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.