Астанада 15 мектеп ашылды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Білім күні мектептердің ашылуы жөнінде жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін алғашқы қоңырау мектеп табалдырығын енді аттаған 28 мың оқушыға арнап соғылды! Мектеп оқушыларының алдында маңызды міндет тұр – баға үшін емес, білім үшін оқу! Тынымсыз еңбекпен ғана үлкен табысқа жетуге болады. Алда сіздерді өмірдің жаңа әрі жауапты кезеңі күтіп тұр! – дейді ол.

Жеңіс Қасымбектің өзі бүгін Сарыарқа ауданында жаңадан ашылған №106 жайлы мектепке барған. Ол 2 ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген.

Қалада 1 қыркүйек күні 15 жаңа мектеп ашылған. Олардың тоғызы Мемлекет басшысының «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, тағы екеуі – мемлекеттік және төртеуі – жекеменшік мектеп. Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді.

Мәселен, 9 жайлы мектеп мына мекенжайларда орналасқан: Көктал елді мекені, Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы; А. Байтұрсынов көшесі, №9 үй ауданы («Highvill» ТК); Тельман елді мекенінің оңтүстік тұсы (Бағыстан); С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі); Төле би және Е758 көшелері (Сеул және Зеленый квартал ТК ауданы); Орынбор және №37 көшелері («SOHO» ТК ауданы); Мәңгілік Ел даңғылы және Е497 көшесі (мешіт ауданы); Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы («Поколение» ТК); Төле би - 24 көшелері (Барыс Арена).

Жаңа мектептер 3 ауысымды 5 мектептің және тығыздалығы жоғары 4 мектептің қиындықтарын шешуге мүмкіндік берген.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашамыз. Оның 6-ауы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы