Астанада 14 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астанада 14 қабатты тұрғын үйдің он бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Алматы ауданы Ж.Жирентаев көшесі бойында болған.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жеткенге дейін 11 адам өздігінен сыртқа шығып үлгерген.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 29-ға жуық қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Төтеншеліктердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалын өрт толығымен сөндірілді, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер жоқ.

Нақтыланған мәліметтер бойынша пәтердегі 30 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздар жанған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы