Астанада 14 млрд теңгеге геологиялық зерттеу орталығы салынады
Астанада геологиялық зерттеуге арналған зертханалық кешен бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада геологиялық зерттеуге арналған зертханалық кешен бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында мәлімдеді.
Геологиялық талдау сапасын арттыру мақсатында «Ұлттық геологиялық қызмет» базасында жаңа заманауи зертханалық кешен құрылып, ғылыми-технологиялық орталық ретінде қызмет атқаратын болады. Жобада зертханадан бөлек қор сақтау және керноқойма ғимараттары да қарастырылған. Бұл елімізде бірыңғай геологиялық деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ ол жаңа зертхананың ғимараты үшін елордадан қанша гектар жер бөлінгеніне де тоқталды.
Құрылыс жұмыстарына Астана қаласынан 4 гектар жер учаскесі бөлінді. Жоба құны – 14 миллиард теңге. Зертханалық кешенді 2028 жылғы желтоқсанда іске қосу жоспарлануда, - деді Иран Шерхан.